Сенат кибербуллинг туралы заң жобасын қабылдамай, кері қайтарды

Almaty.tv
Almaty.tv
Кибербуллинг фактілері туралы арыз-шағымдарды арнайы сарапшылар тобы қарауы қажет
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сенат отырысында депутаттар кибербуллинг туралы резонанс тудырған заң жобасын қарап, құжатты Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Akmaty.tv тілішісі.

Себебі Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, кибербуллинг фактілері туралы арыз-шағымдарды арнайы сарапшылар тобы қарауы қажет. Ал Мәжіліс жіберген заң жобасында бұл құзірет мемлекеттік органға берілген.

«Балалардың мүддесін қорғау - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы саладағы қазіргі құқықтық тетіктер үнемі жаңарып отыруды талап етеді. Сондықтан заң жобасына Сенат енгізген түзетулер мәжіліске жіберілді. Бұл заңда әлеуметтік желіні түгел бұғаттау көзделмейді», – деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Осылайша, сенаторлардың ұсынысы бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өз қалауы бойынша интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысын шектеуге немесе тоқтатуға мүмкіндігі болмайды.Тек балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты ғана жоюға болады.

«Біз қарастырып отырған Қазақстан Республикасы заңының жобасы балаларға, оларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық көріністерінен, оның ішінде отбасылық қатынастар, білім беру және ақпараттық кеңістік салаларында қорғау тетіктерін іске асыру бойынша нормаларды қамтамасыз етуге бағытталған», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Динар Нөкетаева.

Новости партнеров