Ақтауда қару-жарақ сатқан ер адам ұсталды

26.10.2019 19:51

Тінту барысында одан 12 қару мен 1497 дана оқ-дәрі тәркіленді

sputniknews.kz

Ақтауда полиция қызметкерлері қару-жарақ пен оқ-дәрі сатқан адамды ұстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жергілікті қару сатушысы 25 қазанда ұсталды. Тінту барысында одан 12 қару мен 1497 дана оқ-дәрі тәркіленді.

Аталған дерек ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір криминалдық полиция қызметкерлері оның басқа қылмыстарға қатыстығын тексеріп жатыр. "Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды", - деді облыстық полицияның баспасөз қызметі.