Таза Қазақстан: Каспий теңізінің жағалауында 2 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Науқанға Ақшұқыр ауылының спортшылары білек сыбана кірісті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Каспий теңізінің Маңғыстау маңындағы жағалауы 2 тоннаға жуық қоқыстан тазартылды. Бұл науқанға өңірдегі жас спортшылар атсалысқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Теңіз жағалауындағы тазалыққа Ақшұқыр ауылының спортшылары білек сыбана кірісті. «Таза Қазақстан» акциясы аясында жиналған 80-ге тарта азамат сенбілікті қызықты өткізу үшін теңіз жағалауын арнайы таңдаған. Тазалық жұмыстарынан соң, балалар суға шомылып, демалып, күнді көңілді өткізді.

– Жыл сайын демалу үшін ұжымдық іс-шаралар ұйымдастырмыз.  Биыл оны «Таза Қазақстан» акциясымен ұштастырдық. Мақсаты – халқын сүю, еліне қызмет ету, табиғатты аялау деген үғымды жас ұрпаққа түсіндіру, – деді Ақшұқыр спорт мектебінің жаттықтырушысы Қоштан Текебаев.

Спортшылар Сайын Шапағатов ауылына жақын жердегі жағалауды тазалаған. Әр бала өзіне берілген қапты лезде толтырып үлгерді. Осыдан-ақ жағалаудағы қоқыстың көптігін көруге болады. Пластикалық ыдыс пен полиэтилен қалдықтары көп.

– Пластикалық ыдыс, пакет көп. Адамдар тастап кеткен қоқысты жинадық. Осы жерге отбасымызбен, ағайын-туыстарымызбен демалуға келеміз. Таза тұрғаны бәрімізге жақсы. Тұрғындарға қоқысты жинап,  өзіңізбен  бірге алып кетіңіз дегім келеді, – деді спортшы Биқазы Ахтаев

Кішкентай спортшылар демала жүріп өткізген тазалық жұмыстары барысында 2 тоннадан артық қоқыс шығарды. Бапкерлер мен спортшылар осындай жұмыстарды алда да тұрақты түрде жүргізіп тұрмақ.

Жасұлан Мұқан, Мұқағали Нұрболатұлы, Маңғыстау облысы, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Мегаполисте демалыс күндері бірнеше магистральды көше жөнделді

Новости партнеров