Алматыда заңсыз жұмыс істеген 27 шетелдік ұсталды

05.06.2024 19:52

Әрбір құқық бұзушының жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Фото: Алматы қаласы ПД

Алматыда Өзбекстанның 27 азаматы заңсыз жұмыс істеген. Оларды полиция қызметкерлері «Заңсыз» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстанның 27 азаматы ұсталды. Тексеру кезінде 9 шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттары болмады. Олар ПД-нің қабылдап-таратуына орналастырылды. Әрбір құқық бұзушының жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Геннадий Мен.

Оқи отырыңыз: Бала қауіпсіздігі: өгей әкемен тұратын балалардың жағдайы қалай