Шешенстанның халық әртісі қазақша ән шырқап, елді тәнті етті

18.08.2021 19:52

Ол қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың әйгілі «Ана туралы жыр» әнін орындап, видеоның кавер нұсқасын YouTube-қа жариялады

stan.kz

Шешенстанның Халық әртісі Элина Муртазова қазақша ән шырқап, елді тәнті етті. Ол қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың әйгілі «Ана туралы жыр» әнін орындап, видеоның кавер нұсқасын YouTube-қа жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Видеоның түсіктемесінде: «Ана... Әлемнің барлық тілдерінде ғажап естілетін сөз. Шешенстан Республикасының Халық әртісі Элина Муртазова барша аналарға арнап осы бір жантебірентерлік, әсерлі әнді қазақ тілінде орындады», – деп жазылған.

Сондай-ақ, онда екі халықтың арасын ұзақ уақыт бойы бауырлық, достық қарым-қатынас байланыстырып тұрғаны атап өтілген.

«Ата-бабаларымыздың тарихы мен бастан өткерген қиыншылықтары бізді біріктіреді. Шешен халқы ауыр күндерді бастан кешкенде Қазақстан көмек қолын созды», – деп жазған автор.

Элина Муртазова үшін Қазақстан екінші Отаны іспетті. Әнші бір кездері біздің елде тұрған.