Алматыда заңсыз 6 қоқыс орны анықталды

30.06.2023 19:53

Қалалық экология департаменті былтыр 98 зерттеу жүргізілгенін мәлімдеді

Almaty.tv

Алматыда заңсыз 6 қоқыс орны анықталды. Ғарыштан түсірілген сурет арқылы белгілі болған аумақтар қазір толық жойылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық экология департаменті былтыр 98 зерттеу жүргізілгенін мәлімдеді. Ал мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 2 млн 700 мың 535 теңгеге 5 әкімшілік жаза қолданылған.

– ҚР Құқықбұзушылық туралы заңының 344-бабының экологиялық талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады. Жеке тұлғаларға – 40, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілерге және коммерциялық емес ұйымдарға – 100, орта кәсіпкерлерге – 200, ірі кәсіпкерлерге – 500 АЕК айыппұлдар салынады, – деді Экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ерлан Жақиянов.