Жемқорды ұстап берген адам 10 миллион сыйақы алады

31.01.2020 19:53

Мұндай шешім таяуда үкіметте қабылданыпты

Осы орайда, енді елімізде жемқорлық жайлы хабарлаған қазақстандықтар 10 миллион теңгеге дейін сыйақы алатын болады. Жаңа жүйе бойынша жемқорлықтың орын алғаны туралы хабарлағандар параның 10 пайызын айыптау үкімі шыққан соң иемденеді Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, енді сыйақы мөлшері экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдеріндегідей белгіленбек. Мұндай шешім таяуда үкіметте қабылданыпты. Жалпы сыйақы мөлшері - 10 миллион 600 мың теңгеге дейін жететін болады.