Зейнетақы реформасын жалғастырып, зейнеткерлеріміздің өмір сүру сапасын жақсартамыз. Бұл – Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоспарлаған ісі. Бұдан бөлек Президенттіке кандидат өзінің сайлауалды бағдараламасында әлеуметтің әлеуетін арттыруға да ерекше көңіл бөлген. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында болды. Жергілікті тұрғындармен кездескен партия өкілдері, сайлауалды бағдарламаның тарауларын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Өрлеу – қарттарымызға зейнетақысын дұрыстап төлеп, жыл сайын мөлшерін арттырып отыру. Сонымен қатар, зейнетке шыққан қарияларымызды қолдап, оларға зейнетақыдан да басқа көмек үлгісін көрсету керек деген сөз», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының басшысы Мәулен ӘШІМБАЕВ.
«Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында зейнеткерлерге, үлкен кісілерге әлеуметтік көмек көрсетеміз деген арнайы жолдар бар. Соны шын мәнінде жүзеге асырып, зейнетақыны көбейтіп, көптеген жеңілдіктер жасаса жақсы болар еді», – деді БҚО Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали МҰХАМБЕТОВ.
Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбек нарығын кеңейтуге де бағытталған мақсаты бар. Нақтырақ айтсақ, ол өз өнімдерімен жаңа нарыққа шығатын кәсіпорындар қолдауға ие болады дегенді айтады.