Алаяқтар қазақстандықтарды WhatsApp арқылы алдайды

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz
Алаяқтар мобильді банкингке кіру үшін парольдерді алуға мүмкіндік беретін сандар мен белгілер жиынтығын телефонда теруді сұрайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Желі қолданушылары Қазақстан үшін алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескертуде. Алаяқтар жеке фотосуреттеріне сілтеме жібереді, сол арқылы адамдардың жеке және төлем деректерін иемденеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

KZ Cert Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі алаяқтықтың мұндай тәсілі қолданылуы мүмкін екендігін айтады, өйткені олар жіберген сілтемеде зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету болуы ықтимал немесе ол фишингтік сайтқа апарады.

«Егер сілтемесі бар ақпарат келсе, оны тексеру үшін https://t.me/kzcert чатына жіберіңіз. Қызметкерлеріміз тексеріп, жауабын айтады. Біз 24/7 жұмыс істейміз», – деп хабарлады KZ CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінен.

Сондай-ақ, ақпараттық таратылымда ұялы байланыс компанияларының менеджерлерінің қоңыраулары туралы ескертіледі. Алаяқтар мобильді банкингке кіру үшін парольдерді алуға мүмкіндік беретін сандар мен белгілер жиынтығын телефонда теруді сұрайды.

Beeline компаниясының PR-қызметі мұндай схема техникалық тұрғыдан жұмыс істей алмайтынын хабарлады.

«Телефон арқылы сөйлесу және кейбір сандарды теру арқылы банкингтің құпия сөздерін анықтау техникалық тұрғыдан мүмкін емес. Алаяқтар манипуляция арқылы ақша қаражатын иемдену үшін несие картасының кодын айтуға көндіруі мүмкін. Белгілі бір сандар жиынтығы мен символдарды теру арқылы сим-картаны, мобильді банкингті басқара алмайды. Клиенттер абай болып, алаяқтардан арандатушылыққа бармауы керек. Ұялы байланыс операторларының қызметкерлері абоненттерге ешқашан қоңырау шалмайды және сандар мен символдар комбинациясын теруді сұрамайды», – деп хабарлады компаниядан.

Дегенмен, сарапшылар хабарламаларға жауап ретінде немесе бейтаныс біреудің өтінішімен ешқандай деректерді енгізбеуге кеңес береді. Мұндай алаяқтық схемасы туралы бұған дейін басқа елдерде хабарланған болатын. Бұл жайлы алғаш рет Мәскеу тұрғындары желіде 2017 жылы жазған.


Новости партнеров