Алматы қаласының өрт сөндірушілері Көктөбедегі алапат өртті тез арада ауыздықтағаны үшін марапатталды, деп хабарлады Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сөндіру-құтқару қызметінің 26 қызметкері мен «Алматы Тазалық» қалалық қызметінің 4 қызметкері, Көктөбе тауында және Алматы облысы, Бесағаш ауылында өртенген қураған шөптерді сөндірудегі қызметтік міндеттері, батылдықтары мен кәсіби шеберліктері үшін Медеу ауданы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге орай өткізілді.
Аудан әкімінің орынбасары Рүстем Мұхамеджанов ТЖД жеке құрамына қиын жағдайда өртті сөндірудегі біліктіліктері мен жедел әрекеттері үшін ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар мен ескерткіш ретінде қол сағаттарын табыстады.