Референдумға дейін:
18
күн
7
сағат
58
минут

«Алматы» телеарнасы балаларға мерекелік сыйлық жасады

Almaty.tv
Almaty.tv
Көпбалалы отбасынан шыққан балалар зообақты тегін аралады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» телеарнасы 25 жылдық мерейтойы қарсаңында көпбалалы отбасынан шыққан балаларға зообақты тегін аралатты. Іс-шара Халықаралық балаларды қорғау күні аясында ұйымдастырылған

Бүлдіршіндер түлкі, жолбарыс пен қасқырды көріп, экзотикалық жануарларды  тамақтандырды. Сондай-ақ жеткіншектерге «Сәуле» кондитерлік фабрикасының тәтті сыйлықтары таратылды.

– «Алматы» телеарнасының 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Балалар күні қарсаңында тосынсый болды. Істеріңізге береке тілеймін, – деді көпбалалы ана Махаббат Андирова.

– Сүйікті «Алматы» телеарнасына 25 жыл толды. Құтты болсын! Биіктен көріне беріңіздер. Табыс мол болсын! – деді көпбалалы ана Анар Белегова.

«Алматы» телеарнасы ұйымдастырған акция легі мұнымен бітпейді. Арна ұжымы 25 жылдық мерейтой аясында жыл соңына дейін 40-тан астам қайырымдылық іс-шарасын өткізуді жоспарлап отыр.

– Телеарнаның 25 жылдық мерейтой аясында бірқатар іс-шара өткіздік. Бұқаралық ақпарат құралдары арасында футболдан республикалық турнир, ел бойынша ақындар сайысы, сондай-ақ «Мисс университет-2024» байқауын ұйымдастырдық. Жыл соңына дейін жоспарлаған іс-шара көп, – деді  Almaty телеарнасының бас продюсері Ралида Мұқанова.

Оқи отырыңыз: Балаларға базарлық: «Алматы» телеарнасы балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады

Новости партнеров