СҚО-да орманшылар бензиннің литрін адам шошырлық бағаға сатып алмақ болған

Tengrinews.kz/Турар Казангапов
Tengrinews.kz/Турар Казангапов
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл жағдайдың алдын алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысында орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі АИ-92 бензинінің литрін 16 696 теңгеден сатып алмақ болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Сергей Перовтың айтуынша, ведомство мемлекеттік сатып алу жүйесіне күнделікті мониторинг жүргізеді. Негізгі міндет - жоспарлау кезеңінде тауардың құнын жасанды түрде көтеруге жол бермеу. Профилактикалық жұмыс бюджет қаражатын үнемдеуге және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

«Жыл басынан бері жоспарланған сатып алу бағасын асыра бағалаудың 63 фактісі анықталды. Мемлекеттік органдардың 34 біздің араласуымыздан кейін бағаны төмендету жөнінде шара қабылдады. Нәтижесінде жалпы сомасы 1,4 млрд теңге үнемделді», - дейді Сергей Перов.

Департамент басшысының айтуынша, «Ақан сері» орман шаруашылығы» КММ АИ-92 маркалы бензиннің литрін 16 696 теңгеге сатып алмақ болған. Нәтижесінде 664,5 млн теңге бюджет қаражатын ұтымсыз пайдалануға жол берілмеді.

«Айыртау ауданының білім бөлімі жылыту қазандықтарының бір данасын 30,7 млн теңгеден, жалпы сомасы 307,6 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет араласқаннан кейін мемлекеттік сатып алу жоспары өзгертілді, үнемдеу сомасы 279,3 млн теңге», - дейді Сергей Перов.

Жамбыл ауданы Пресновка ауылдық округі әкімі аппараты 7,5 млн теңгеге орындық сатып алмақ болған. Нәтижесінде 6,7 млн теңге үнемделді.

Новости партнеров