Алматыда 22 ерлі-зайыпты отбасының жаңа мүшесі өмірге келгенін сүйіншіледі
Жаңа жыл қарсаңында республика перзентханаларында 191 сәби, 101 ұл және 90 қыз дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.
Мереке түнінде туған нәрестенің ең көбі Түркістан облысында тіркелді — 38 бала, екінші орындағы Шымкент қаласында 23 бала дүниеге келді.
Алматыда 22 ерлі-зайыпты отбасының жаңа мүшесі өмірге келгенін сүйіншіледі.
Республика астанасында Жаңа жыл қарсаңында 10 бала дүние есігін ашты.