|
15.04.2021 | 15:45
22362

Тегі қазақ америкалық Әлия әкесін іздейді

Сонымен қатар Әлия анасымен де танысқысы келетінін айтқан

Тегі қазақ америкалық Әлия әкесін іздейді Фото: ашық дереккөзден алынды

Тегі қазақ америкалық Әлия Жордан есімді бойжеткен әкесіне іздеу салып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол Қазақстан-Америка қауымдастығының facebook-тағы парақшасында жазды.

«Сәлем! Менің атым Әлия. Мені 2 жасымда Қазақстаннан алып кетті, енді әкемді тапқым келеді. Қазақ елі мен мәдениеті туралы көбірек білгім келеді, өйткені тегім қазақ. Әкемнің есімі – Азамат Сағындықұлы Мырзатаев. Егер танитындарыңыз болса, маған хабарласыңыздар», – деп жазды Әлия.

Сонымен қатар Әлия анасымен де танысқысы келетінін айтқан.

«Менің анамның есімі – Гүлмира. Оның тегін білмеймін, себебі екінші рет тұрмысқа шыққан кезде тегін ауыстырған.  Мен оның қандай екенін көргім келеді. Болашақта араласпасақ та, жәй ғана танысқым келеді», – деді ол.

Жазбаның астына пікір қалдырушылар Әлияға көмектесуді сұраған.

Желі қолданушылар «Қазақтар, қарындасымызға көмектесіп жіберейік», «Мен Қостанайда тұратын Азамат Мырзатаев деген адамды танимын. Телефон нөмірін тауып беруге тырысамын» деп жазып жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир