Алматыдағы «Барыс-4» ірі сауда базары мемлекет меншігіне қайтарылды

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Шешім әзірге заңды күшіне енбеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Ел арасында «Оптовка» аталып кеткен базар мемлекет иелігіне қайтарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматының Экономикалық соты қала прокуратурасының «Барыс-4» базарын мемлекет меншігіне қайтару туралы шағымын қанағаттандырды. Қалалық соттың мәліметінше, 2013 жылы «Найза-БН» компаниясы сауда орнын бес есе арзан бағаға, яғни сол кездегі нарықтағы құны 1 жарым млрд теңге болғанына қарамастан 307 млн теңгеге сатып алған. Жекешелендіру кезінде заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар берілгені сотта дәлелденіпті. Сот шешімімен келіспеген тараптар бір айдың ішінде аппеляциялық және прокурорлық өтінішхат бере алады. Шешім әзірге заңды күшіне енбеді.


«Уәкілетті органның өкілі нысанды жекешелендіру кезінде мемлекет мүддесіне нұқсан келтіре отырып, аз шығынмен жүргізілгенімен келісіп, талаптарды мойындады. Сот талап-арызды қанағаттандыру және «Найза-БН» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сату шарты жарамсыз деп тану туралы шешім шығарды», – деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.


Новости партнеров