Ақтөбеде бір жасқа толмаған баласы бар келіншек вокзал жағалап жүр. Өзінің айтуынша ол Ақтөбеге Хромтау қаласынан келген.
«1986 жылы туғанмын. Қазір 9 айлық қызым екеуміз вокзалда тұрып жатырмыз. Пәтерге төлейтін ақшам жоқ. Ата-анам бұрын қайтыс болған. Туыстарыммен араласпаймын», - дейді Динара Шайжанова.
Бұл туралы желі қолданушысы ekaterina5178 желіде жариялады.
Желі қолданушыларының бірі Динараны қаладан жиі көріп тұратынын айтты.
«Мен оны алғаш аялдамадан көрдім. Көзім бірден аяғындағы қолпылдаған аяқ киіміне түсті. Сөйтіп жөн сұрап едім, вокзалға барамын деді. Бірақ мен автобусқа отырғанда ол мінбей, сол жерде қалып қойды», - дейді желі қолданушысы.
Оған жұрт жарыса: «Балаға обал, қарны аш, киімі жоқ, үсті-басы кір-кір», «Әкесі қайда, неге қарайласпайды?» - деп пікір жазып жатыр.
Алайда арасында шын жанашырлық танытып, Аналар үйіне баруға кеңес беріп жатқандар, тіпті көмек қолын созуға даяр жандар да табылуда.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Здесь только добрые люди! (@ekaterina5178)14 Апр 2019 в 10:23 PDT