Алматы облысында блок-бекеттер қойылмайды – әкімдік

08.06.2020 19:56

Тек Қапшағай су қоймасы жағалауына кіретін барлық жолдар жабылады

Almaty.tv

Алматы облысында блок-бекеттер қайта орнатылмайды, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі zakon.kz.-ке сілтеме жасап.

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствааралық комиссия шешіміне сәйкес, Алматы облысында блок-бекеттер орнатылмайды. Осы төңіректегі мәселе жүзу маусымы 13 маусымда басталуына байланысты қозғалған. 

"Өткен демалыс күндері біз Қапшағай су қоймасы жағалауында адамдардың көп шоғырланғанын байқадық", – деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.

Қапшағай су қоймасы жағалауына кіретін барлық жолдар жабылады.

"Бұл – Жетіген жақтан келетін жолға бір мобильді пост қойылады. Онда полиция қызметкерлері тұрады және су қоймасына іргелес жатқан тас жолда екінші пост болады. Қалған жағдайда бәрі бұрынғыдай қалыпта жұмыс істей береді", – дейді әкімдік.


Толық көрсету