Экология және инклюзия: Алматыда экофестиваль өтті

19.07.2024 19:56

Іс-шара барысында түрлі шеберлік сабағы өткізілді

Almaty.tv

«Қаламызды таза ұстайық». Осындай ұранмен Алматы тұрғындары мен қала қонақтары ботаникалық бақта бас қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Экология және инклюзия» атты мерекелік фестиваль шаһарда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Іс-шара барысында сахналық бағдарламалар мен түрлі шеберлік сабағы өткізілді.

– Іс-шара экологияны қорғауға, қоршаған ортаны қорғауға және инклюзивтілікті құрметтеуге арналып отыр. Түрлі шеберлік сағаты, дискусиялар өтеді. Іс-шара қалалық көлемде өтіп жатыр, – деді демеуші компанияның өкілі Гүлзира Өтетілеуова.

Биолог Марғұлан Ықыласов – іс-шараға атсалысуға келген мамандардың бірі. Ол шағын көгалдандыру, экожүйені жабық күйінде құру және робототехника бойынша үш шеберлік сыныбын таныстырды. Келушілерге өсімдікті өсірудің тез әрі жеңіл жолын көрсетті. Биолог «табиғатқа деген қамқорлық бала кезден басталуы керек» дейді.    

– Балаларға ғылыми зерттеу ісі оңай екенін көрсеткіміз келді. Сонымен қатар қолжетімді заттармен ғылыми жаңалық ашуға болады. Шеберлік сағатта түсіндірдік, – деді Республикалық физика-математика мектебі зертханасының жетекшісі Марғұлан Ықыласов.

Оқи отырыңыз: Елімізде «Автокөліксіз күн» акциясы өтеді