Оны ұрлаған 1993 жылғы Қытай азаматшасы ұсталды
Нұр-Сұлтанда ұшақтағы қазақстандық жолаушы әйелден 4,5 мың долларын ұрлап алған ҚХР-ның азаматшасы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz.
40 жастағы Қазақстан тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласындағы желілік полиция бөліміне Бежің-Нұр-Сұлтан бағытымен ұшқан ұшақта өзінің 4500 доллар (шамамен 1 7 44 290 теңге) ақшасын біреудің ұрлап алғандығын айтып, шағымданыпты.
«Жедел тексеру амалдарының нәтижесінде осы рейспен ақшасы жоғалған әйелмен бірге ұшып келген 1993 жылғы Қытай азаматшасы ұсталды. Оның сөмкесінен жоғалған 1 744 290 теңге табылды», - делінген ПД-нің хабарламасында.
ҚХР-ның азаматшасы өзінің кінәсін толығымен мойындапты, ал ақша оның иесіне қайтарылған.
«Есіл аудандық соты ҚХР-ның азаматшасын ҚР ҚК-нің 3 бабы 1 тармағы бойынша кінәлі деп тауып, оны шартты түрде үш жыл бас бостандығынан айырды. Азаматша Қазақстан аумағынан шеттетіліп, мемлеткетке кіруіне 5 жылға тыйым салынды», - деп қосты транспорттық ПД-нің баспасөз-қызметі.