Семейде серуенге шыққан зейнеткер снаряд тауып алды
inform.kz
Қазіргі уақытта снаряд әскери бөлім қызметкерлеріне жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Семей қаласындағы Бейбітшілік аралына серуенге шыққан зейнеткер снаряд тауып алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған 69 жастағы азамат Бейбітшілік аралынан снарядқа ұқсас зат тауып алғанын айтты. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел келіп жеткен.
«Тексеру барысында белгілі болғандай, бұл оқу-жаттығуға арналған артиллериялық снаряд. Ол айналаға ешқандай қауіп төндірмейді», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта снаряд әскери бөлім қызметкерлеріне жеткізілді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30