Өскеменде вакцина алғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылмақ

vlast.kz
vlast.kz
Қатысушылар «iPhone» және «Samsung» смартфондарын, теледидар, тоңазытқыш, ноутбук немесе микротолқынды пеш ұтып ала алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өскемен қаласында коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында смартфондар мен тұрмыстық техникалар ойнатылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің мәліметінше, ұтыс ойыны COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның I компонентін қыркүйектің 10-25 аралығында алған 18 жастан асқан Өскемен тұрғындары арасында өткізіледі.

Қатысушылар «iPhone» және «Samsung» смартфондарын, теледидар, тоңазытқыш, ноутбук немесе микротолқынды пеш ұтып ала алады.

«Ұтыс ойынына қатысу үшін vaccine-uk.kz сайтына кіріп, толық аты-жөніңізді, ұялы телефон нөміріңізді және вакцина алған жерді көрсетуіңіз керек. Талап бойынша қатысушы Өскемендегі емханалардың біріне тіркелген болуы шарт», – делінген ақпаратта.

Жеңімпаздар 26 қыркүйекте сағат 18.00-де Instagram-дағы@akimatoskemen парақшасында тікелей эфирде анықталмақ.

Новости партнеров