Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы әлем бойынша тойланбақ

09.08.2019 19:56

10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, хакім Абайдың туған күні

 Келер жылы ұлы ойшылдың 175 жылдық мерейтойы әлем елдерінде атап өтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Абай – қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, данышпан. Абай – халықтың жоғын жоқтап, кемел жолға бастар жол іздеген тұлға. Сол жолда аянбай тер төгіп, өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы не жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымында бейнеледі. Ал, келер жылы ұлы ойшылдың туғанына 175 жыл толады. Бұл тек елімізде ғана емес, әлем елдерінде атап өтіледі.