Жемқорлыққа жол жоқ: Алматыда этномәдени бірлестік жетекшілері кездесті

05.02.2024 19:57

Жемқорлық әрекеті үшін жазаны күшейтуге қатысты пікір талқыға салынды

Almaty.tv

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру». Алматыда этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің қатысумен осындай тақырыпта кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚХА құрылымдары мен «Қоғамдық келісімнің» отырысы барысында шағын және орта бизнесті мемлекеттік қорғау, жемқорлық әрекеттері үшін жазаны күшейту тақырыптары талқыға салынды.

– Біз ресми өкілдермен кездесу арқылы көпшілікті толғандырған мәселелердің шешімін таба аламыз. Мемлекеттік ұйымдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін қозғадым. Біз алаңдатқан дүниелерді, ортақ талқыға салғанда ғана оның шешімін табу мүмкін болады. Әрі мұндағы әр өкіл айтылған ақпарды бірлестік мүшелеріне жеткізетіні сөзсіз, – деді «Қазақстан дүнген қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбубәкір Войнце.

Оқи отырыңыз: Алматылықтар енді құжатты автоХҚО-ға бармай-ақ ала алады