|
18.03.2019 | 16:05
3432

Елімізде көпбалалы отбасылар үшін үйге арнайы кезек жасалады

«Алтын Алқа» иегерлері жалпы кезекте тұрмайды

Елімізде көпбалалы отбасылар үшін үйге арнайы кезек жасалады Kapital.kz

Көпбалалы аналар үшін тұрғын үйге арнайы кезек жасалады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Алтын Алқа» иегерлері жалпы кезекте тұрмайды. Қазір біз көпбалалы аналар үшін бөлек кезек жасау мәселесін көтеріп жатырмыз. Бірақ мұның бәрі бірден бола қоймайды. Қанша қаражат керек екенін, қанша пәтер салу қажет екенін қарауымыз керек», - деді Сапарбаев көпбалалы аналар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналармен кездесу барысында.

Бұған дейін Қазақстанда көпбалалы аналарға үй беру жоспарланып жатқаны хабарланған еді.

«Бір шаршы метрге 140 мың теңге деген үлгіні алдық. Бұл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында. Алдымен үй аумағының параметрлерін орнатпақпыз. Кейін жергілікті атқарушы органдар «Егер бір пәтерге нақты баға белгілесеңіздер, біз әкімшіліктерге шешім қабылдауға мүмкіндік береміз» деп өз ұсыныстарын айтты», - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегілер үкіметтің баспасөз мәслихатында.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир