Елбасы жолы: Нұрлан Әлімжанов басшылық қызметке тағайындалды

19.03.2021 19:57

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласың әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева растады

Фото: ашық дереккөзден

Белгілі актер, әнші, Мәжілістің экс-депутаты Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қаласының мәдениетін басқармасына басшы болып келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласың әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева растады. 

«Ақпарат рас, Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қаласының мәдениетін басқармасына басшы болып тағайындалды», – деді ол. 

Нұрлан Баянғалиұлы Әлімжанов 1984 жылы 29 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 

2005 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық театр мен кино актері» факультетін, 2016 жылы Алматы экономика және статистика академиясының «Экономика и бизнес» факультетін бітірді. 

2003- 2008 жылдары Ғ. Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық театрының актері. 2018 жылдың қазан айынан бастап «Қазақстанның Денсаулық елшісі». 

2019 -2021 ж.ж. – ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты. 

Көпшілікке «Ағайындылар», «Теміртау көктемі», «Балалық шағымның аспаны», «Жау жүрек мың бала», «Көшбасшының жолы – Темір тауы», «Көшбасшының жолы – Отты өзен», «Тығырықтан жол тапқан» көркем фильмдері арқылы танымал. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен мараптталған. 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013 г.), «Серпер» жастар сыйлығының иегері, «Нұр Отан» партиясының «Жас тұлпар» жастар сыйлығының лауреаты.