Павлодар облысында торттың ішінен ұялы телефон шықты

13.08.2021 19:57

Оқиға Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің АП-162/1 мекемесінде болған

goodfon.ru

Павлодар облысында ер адам тергеу изоляторына ұялы телефонды тортқа салып өткізбек болды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің АП-162/1 мекемесінде болған. Сотталғанға келген сәлемдемені тексеру барысында торттан ұялы телефон табылды.

45 жастағы адам ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Ерекше сәлемдемені оған танысы әкелген.

«Мекемеге тыйым салынған заттарды кіргізбеу үшін сотталғандармен және олардың туыстарымен үнемі әңгімелесу жүргізіледі. Дегенмен келушілер байқамай қалады деп үміттеніп, жаңа әдістерді ойлап табады. Сондықтан тергеу изоляторына келген барлық сәлемдеме мұқият тексеріледі», – деп түсіндірді АП-162/1 мекемесінің бастығы Әділхан Қапышев.

Теги: торт