Қарағанды облысында жылқылар қырылып жатыр

әуесқой түсірілім
әуесқой түсірілім
Тұрғындардың айтуынша, жергілікті әкімдік қоқыс полигонын қоршамаған.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында жылқылар бірінен соң бірі қырылып жатыр. Северозападный елдімекенінің тұрғындары 15 бас мал өлді деп дабыл қағып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың айтуынша, үй жануарлары ауыл маңайында шашылып жатқан синтетикалық қапшықтағы қызылшамен қоректенген. Салдарынан ас қорыту жолы бітеліп, жылқылар өле бастаған.

Тұрғындардың айтуынша, жергілікті әкімдік қоқыс полигонын қоршамаған.  Ал шенеуніктер болса, жағдайға жылқы иелерінің өзін кінәлап отыр. Олар синтетикалық қапшықтардағы қызылшаның қоқыс полигонында жатқанын біле тұра, фермерлер төрт түлікті бақылауға алмағанын айтады.

«Северозападный елдімекенінен шыққан жылқылар тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында жайылып жүрді. Тұрғындар бұл аумақтың қоқысқа арналған полигон екенін біледі. Бізде жер учаскесіне акт бар», – деді Қарағанды ауылдық округінің әкімі Владислав Кирей.

Новости партнеров