Мәжіліс депутаты Қаражал қаласының тұрғындарымен кездесті

05.07.2024 19:58

Аманжол Әлтай бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, азаматтарды қабылдады

Almaty.tv

Мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары жалғасуда. Ұлытау облысы Қаражал қаласына жұмыс барысымен барған Аманжол Әлтай бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ депутат AMANAT партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан қоғамдық бассейннің құрылысымен танысты. Мұндағы жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ал депутатпен кездесуде тұрғындар мәселелері бойынша жүгініп, сауалдарын жолдады. Ұсыныс-тілектерді тыңдап шыққан мәжілісмен бірқатар өзекті мәселені өз бақылауына алатынын жеткізді.  

«Құстың ұясындай ғана шағын қалашықтың халқы маңызды нысандардың ашылуын күтіп отыр. Сондықтан да мемлекеттен бюджеттен бөлінген әрбір тиын ысырап болмай, орнымен жұмсалуы керек», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай.

Оқи отырыңыз: Елордада Қазақстан мәдениетінің апталығы өтіп жатыр