Қаралы хабарды Толқын Тәшімовтің жақындары жеткізді
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, журналист Толқын Тәшімов 57 жасқа қараған шағында кенеттен өмірден озды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қаралы хабарды Толқын Тәшімовтің жақындары жеткізді.
Толқын Тәшімов өмір бойғы жылдарын өзінің сүйікті ісі - журналистикаға арнады.
Еліміздің ірі басылымдары мен сайттарында қызмет істеген Толқын Халдарұлы республикалық және халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы еді.
Өмірінің соңғы кезінде Vecher.kz сайтында жұмыс істеді, «Вечерний Алматы» газетіне мақалалар жариялап тұрды.
Сараптамалық тақырыпта мақалалар жазатын қаламы жүйрік журналист болуымен қатар Толқын Халдарұлы әзілқой, өмірге құштар жан еді.
Әріптестері Толқын Қалдарұлы бойындағы аса белсенділік, объективтілік, іскерлік, мақсатқа қойғыштық, керек кезде жылы сөз бен ақыл-кеңесімен бөлісуге дайын мейірбан достық ілтипаты сияқты қасиеттерін ерекше бағалап, қимастық білдіреді.
Әріптесіміздің жарқын бейнесі жүрегімізде сақталады.
Almaty.tv ұжымы Толқын Тәшімовтің отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.