Алматыда барлық мемқызметтер цифрландырылады

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев мегаполис әкімінің осындай міндетті алға қойғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айтуынша бұл мемлекеттік органдардың ашықтығын және тұрғындардың қандай да бір ақпарат туралы құлағдар болуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, студенттер мен түлектерді цифрландыру процесіне тарту үшін техникалық университеттер және кәсіби колледждермен ынтымақтастық орнатылмақ.

«Қазіргі кезде біз қаланың барлық нысандарына мониторинг жүргіземіз, сол арқылы жол жөндеу, инфрақұрылымдық желілерді тарту, мектептердің, бала бақшалардың, ауруханалардың шоғырлануы және басқалары бойынша көрсетілген сервистік жұмыстарды біліп отырамыз. Енді бұл бағытты одан әрі жетілдіріп, оның операциялық даму процессіне қала тұрғындарын кеңінен тарту үшін бірқатар шараларды жүзеге асырамыз», – деді Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян ҚОҢЫРБАЕВ.

Новости партнеров