Іс-шара қала күніне орай ұйымдастырылған
Алматылықтар "Ұлы дала – көшпенділер әлемі" этнофестивалінде көшпенділердің жауынгерлік ойындарын, ат спорттық және айтыс өнерін көрді. Фестиваль 2-3 қыркүйекте "Боралдай сақ қорғандары" археологиялық саябағында өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара қала күніне орайластырылған және "Алматы – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мәдени және туристік астанасы" жобасының бір бөлігі болып табылады.
Фестиваль қонақтары Ұлы Дала көшпенділерінің ежелгі мәдениеті мен дәстүрлерін тамашалай алады. Ол үшін саябақ аумағында 50 киіз үйден тұратын түрлі-түсті этноауыл бар, қазақтың дәстүрлі "алтыбақан" әткеншегі орнатылып, тас диірмені жұмыс істейді.
Бағдарламада көшпенділердің жекпе-жек ойындары, ат спорты өнері, садақшылар арасындағы жарыс, дәстүрді дәріптеушілердің көрме қойылымдары және т.б. бар. Ұйымдастырушылар сонымен қатар, қонақтарға ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарын дайындау бойынша байқаулар, шеберлік дәрістерін ұсынды.
Ұлттық тағамдар алаңы ұлттық тағамдардың алуан түрлілігін ұсынады: балқуырдақ, әсіп, бүрмеқарын, үлпершек, балқаймақ бауырсақ, құрт, Ертіс, қымыз, шұбат және т.б.
Фестивальде Әзербайжан, Түркия, Мажарстан (Венгрия), Малайзия, Башқұртстан, Дағыстан, Чувашия, Алтай, Бурятия, Өзбекстан және Қырғызстанның үздік этномузыканттары мен спортшылары өнер көрсетеді.
Сонымен бірге, қонақтарды жігіттер мен қыздардың ән бойынша жекпе-жегі, армрестлинг, арқан тарту және басқа да ұлттық ойындары бар жастар алаңы күтеді. Кішкентай қонақтаh үшін аттракциондар, қуыршақ театры және шеберлік дәрістері бар ойын алаңы болды.
Фестиваль 2-3 қыркүйекте таңғы 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін өтеді. Кіру тегін.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Алатау ауданы, "Боралдай сақ қорғандары" археологиялық паркі.
"Боралдай сақ қорғандары" археологиялық паркіне төрт жерден арнайы автобустармен жетуге болады:
1. Орталық стадион;
2. Наталья Сац атындағы театр (Алтынсарин көшесі, 22);
3.Алатау дәстүрлі өнер театры (Момышұлы көшесі жағынан);
4. Алматы-1 теміржол вокзалы (автотұрақ)