Биыл 5 адам көгілдір отыннан уланып көз жұмды

muravsky@sb.by
muravsky@sb.by
Заң бұзған сауда орталықтары мен қоғамдық тамақтану орын иелеріне айыппұл салынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жыл басынан бері 5 адам көгілдір отыннан уланып көз жұмды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұндай қайғылы жағдайлар газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаудан болатынын айтады. Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мамандарының төтеншеліктермен бірігіп жүргізген тексеріс нәтижесінде 160 бизнес нысанының салғырттық танытқаны анықталған. Заң бұзғандар сауда орталықтары мен қоғамдық тамақтану орын иелері екен. Рейд кезінде олардың кейбіріне айыппұл да салынған.

– Жыл басынан бері жоспардан тыс 22 тексеру жүргізілді. Қорытындыға сәйкес, 5 тұрғын мен 5 бизнес нысанына айыппұл салынды. Тұрғындардың көпқабатты тұрғын үйде газ баллонын қолданғаны анықталды. Бұл өте қауіпті. Оны талапқа сай пайдаланбаса, салдары ауыр болатыны айтпаса да түсінікті, – деді Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының бас маманы Динара Жусанбекова.

Тексеру кезінде жеке сектордағы тұрғын үй иелерінің газ құбырларын өз бетінше ауыстырып алғаны да белгілі болды. Яғни тұрғындар арнайы мамандардың көмегіне жүгінбей, ешбір құжатсыз үйлеріне көгілдір отын орнатқан. Мұндай жағдайда жеке тұлғалар үшін 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал заңды тұлғалар 200 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуге міндеттеледі. Мамандар жылыту маусымында қауіпсіздік ережелеріне аса сақ болуды ескертеді.

Оқи отырыңыз: Алматы және Алматы облысының әкімі қандай мәселені талқылады

Новости партнеров