15 наурыз – Қайырымдылық күні: алматылық ерікті Арсен Қабденов панасыз жануарларға көмектеседі

Depositphotos.com
Depositphotos.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз

15 наурыз күні Қазақстанда Қайырымдылық күнін атап өтеді. Бұл күн наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қол ұшын беру мәдениетін дамытуға арналған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күн сайын төңірегіне мейірім төгіп жүрген осындай жандардың бірі – алматылық ерікті Арсен Қабденов. Бірнеше жылдан бері панасыз жануарларға көмектесіп жүрген ол болашақта осындай орталықты өзі ашқысы келеді.  

Арсен жануарлар паналайтын қалалық тұраққа үнемі барып тұрады. Әр апта сайын ол иттер мен мысықтарға жем алып келіп, оларға күтім жасауға көмектеседі, көшеде қалған жануарларды да емдейді арасында. Әсіресе панасыз мысықтарға көбірек көңіл бөледі, өйткені олардың біразы дәрігерлік көмек пен уақытша күтімді қажет етеді екен.

Арсеннің айтуынша, уақытында тамақ беріп, ветеринарға апарып, жай ғана жылышырай танытқанның өзі жануардың көңіл-күйін өзгертуі мүмкін.

Қайырымдылық күні жақсылық жасап, бір-біріне қол ұшын беру керектігін адамдардың есіне салатын күн де. Наурызнама күндері еліміздің түкпір-түкпірінде қайырымдылық акциялары, еріктілердің бастамасы мен әлеуметтік жобалар өткізіліп, қиын жағдайға тап болған адамдар мен жануарларға осылай қолдау көрсетіледі.

Арсен Қабденов сияқты сөзбен емес, іспен көмектесіп, айналасына қамқор болып жүрген жандар көбейсе әлем де ізгілене түсері анық.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді

Новости партнеров