Nomad Fighting ұйымының президенті Мұхамеджан Қонысбеков референдумда дауыс берді

РСК Алматы
РСК Алматы

Ол мұндай маңызды саяси науқандарға қатысу әр азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Nomad Fighting ұйымының президенті Мұхамеджан Қонысбеков республикалық референдумға қатысып, таңдау жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дауыс бергеннен кейін ол мұндай маңызды саяси науқандарға қатысу әр азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.

«Бүгін мен азаматтық борышымды орындап, референдумға қатыстым. Елдің болашағына қатысты шешімдерге бейжай қарамауымыз қажет. Әсіресе, жастардың белсенді болып, мемлекеттің дамуына бағытталған бастамаларды қолдауы маңызды», — деді Мұхамеджан Қонысбеков.

Референдум күні дауыс беру учаскелері таңертеңнен бастап тұрғындарды қабылдап жатыр. Алматы тұрғындары учаскелерге келіп, дауыс беріп, ұстанымын білдіруде.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді

Новости партнеров