7 жасар қыз жазғы лагерьге барып, сал боп қалды

26.06.2019 20:00

Дәрігерлер қыздың шашынан бірнеше кене тапқан

Американың Колорадо штатында 7 жасар қыз жазғы лагерьге барғаннан кейін сал болып қалды. Оны кене шағып алыпты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

7 жасар Дженна Ганал жазғы лагерьден қайтқан соң бір жарым аптадан кейін аяғының жансыздана бастағанын сезіпті. Бастапқыда қыздың анасы Хайди оның аяғы ұйып қалды деп ойлаған. Алайда Ганал жүре алмай қалғаннан кейін, олар дәрігерге жүгініпті. Ауруханада дәрігерлер қызға кене шағуынан болған сал ауруы диагнозын қойған.

Мамандар қыздың денесіндегі кенені алып тастай алатындарына күмәнданған. Сондықтан анасы мен қызына шамамен 12 сағат күтуге тура келіпті. Нәтижесінде дәрігерлер кенені алып тастап, жараның орнын емдеген.

Қазіргі уақытта Ганалдың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол сауығып келеді.

Хайдидің айтуынша, ол қызының шашынан бірнеше кенені алып тастаған. Алайда кейбірін байқамадым, дейді ол.

Сонымен қатар әйел өзге де ата-аналарға ескерту жасап, балаларға мұқият қарауға шақырды. Ол дер кезінде ем алу қайғылы жағдайлар мен түрлі аурулардың алдын алуға көмектесетінін атап өтті.