Құрметке де, қолдауға да лайық жандар - аналар». Осы ұстанымды ұран еткен Алматы қаласының аудан әкімдері көпбалалы аналармен кездесуін жалғасып жатыр. Кезекті жүздесу Алмалы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» орталығында өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қолдау іздеп келген аналар жұмысқа орналасу, әлеуметтік жәрдемақыға қатысты мәселеcін айтты. Аудан басшысы өз кезегінде барынша көмек көрсетуге тырысатынын жеткізді. Айта кетейік, мұндай кездесулер қала әкімінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып келеді.
«4 ұлымды бағамын, өсіремін деп, сауда жасап жүрмін. Сол сауда орталығынан бір орын жеңілдікпен бөліп берсе өтінішім бар еді. Естіді. «Мүмкіндігінше көмек беремін» деп уәде берді, күтеміз», – деді көпбалалы ана Шолпан Шынәлиева.