Жасөспірімдерге электросамокатпен жүруге тыйым салынады
Depositphotos
Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елімізде 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің электросамокатпен жүруіне тыйым салынады. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
"Электросамокатпен тек бір адам жүруі керек. Қозғалыс жылдамдығы сағатына 25 километрден аспауы тиіс", – делінген хабарламада.
Биыл жол қозғалысы туралы заңға тиісті өзгеріс енгізіледі. Жаңа талапқа сай электросамокат иелері қозғалыс құралына жарықтандырғыш орнатуы міндеттеледі. Бұған дейін самокатқа арналған ереже бекітілген болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
17.11.2026 17:40
Қысқы жолда қандай шинамен жүрген дұрыс
17.11.2026 09:40