|
24.04.2021 | 16:49
6189

Жер комиссиясының кезекті отырысында қандай шешім қабылданды

Іс-шара барысында комиссия мүшелері бұрын жұмыс топтарында қаралған мәселелер бойынша дауыс берді

Жер комиссиясының кезекті отырысында қандай шешім қабылданды pixabay.com

Жер комиссиясы қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшікке беру мораторий мерзімін 5 жылға ұзартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрлігінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық еткен Жер комиссиясының отырысы өтті. Іс-шара барысында комиссия мүшелері бұрын жұмыс топтарында қаралған мәселелер бойынша дауыс берді.

Атап айтқанда, Жер кадастры мәліметтерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарына жалға берілген жер учаскелері бойынша кадастрлық ақпаратты (оның ішінде заңды тұлғаның атауы немесе жер пайдаланушылар болып табылатын азаматтардың тегі) көруге мүмкіндік беретін норманы әзірлеу және Парламентке енгізу туралы ұсыныс қолдау тапты.

Сондай-ақ, елді мекендердің айналасындағы қоғамдық жайылымдарға арналған жерлерді белгіленген радиус шегінде резервтеуді көздейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ұсынымы қабылданды.

Үшінші мәселе - қазақстандықтар үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беру мәселесі тағы да қызу талқыланды. Отырысқа қатысушылар үшке бөлінді: жеке меншікті жақтаушылар, тыйым салуды жақтаушылар және фермерлерге ұзақ мерзімге жалға берген дұрыс деп санайтындар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир