Биыл 6000-ға жуық өтініш қарастырылған
Алматыда биыл құқығы тапталған тұтынушыларға 300 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиі кездесетін заңбұзушылықтардың қатарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына заңсыз үстеме қосу, қызмет сапасының төмендігі бар. Осы негізде биыл 6000-ға жуық өтініш қарастырылып, 168 әкімшілік жаза тағайындалған. Департамент басшысының орынбасары Нұрлан Әбдиевтің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр.
– Тұтынушылар көбінесе тұрмыстық қызмет көрсету саласы мен бөлшек және электрондық саудада сапасыз қызмет алып, заң бұзушылықтарға тап болады. Департамент тұтынушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өтініш жасауға құқықтық көмек көрсетеді, – деді Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Әбдиев.
Оқи отырыңыз: Ипотекалық бағдарламаларға өзгеріс енгізілмек