Алматы-Қорғас автожолында көлік апатынан бір әулеттің 4 адамы көз жұмды

12.06.2024 в 20:00

Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Almaty.tv

Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105-шақырымында болған көлік апатынан бір әулеттің 4 бірдей мүшесі көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық полиция департаментінің дерегінше, микроавтобус жүргізушісі рөлді басқара алмай, жол жиегіне шығып, аударылып кеткен. Оқиға орнында көз жұмғандардан бөлек, көлікті тізгіндеген азамат пен тағы 2 жолаушы Шелек ауылының ауруханасына жеткізілген. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптама жүргізіліп жатыр.

– 20 шақырым Шелек ауылына жетпей, микроавтобус Toyota жүргізушісі рөлге ие болмай, аударылып кетті. Төрт адам қаза тапты, 3 адам ауруханаға жеткізілді. Бәрі - бір әулеттің адамдары, – деді Полиция департаменті басшысының орынбасары Елжан Шүпеков.

Оқи отырыңыз: Павлодарда полицейлер есірткіге мас күйінде автобус айдаған жүргізушіні ұстады