Алматы облысында екі жігіт әжетхана шұңқырына түсіп көз жұмды

03.08.2024 20:01

Қайғылы оқиға бойынша іс қозғалды

РЖҚЖ баспасөз қызметі

Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында екі жігіт дала әжетханасына құлап, улы газға тұншығып мерт болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйіттерді шығарып, полицияға тапсырды.  

- Назар аударыңыз! Ешқашан ашық дәретханаға немесе шұңқырға түсіп кеткен бағалы заттарыңызды алуға өзіңіз түспеңіз. Бұл сондағы газдан улану және тұншығуды арттырып, өмірге қауіп төндіреді. Қажет болса, құтқару қызметіне хабарласыңыз, - деп ескертеді РЖҚЖ баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Бір үйдің екі баласы: 9 жастағы қыз баланы сүңгуірлер әлі іздестіріп жатыр