Елімізде интернет-алаяқтық өршіп тұр

24.08.2023 20:01

Мамандар алаяқтар әлеуметтік желіні ұтымды пайдаланып отырғанын айтты

inform.kz

Елімізде интернет-алаяқтық өршіп тұр. Бұл туралы Алматы қалалық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандар алаяқтар әлеуметтік желіні ұтымды пайдаланып отырғанын айтты. Ғаламтордың берер мүмкіндігін арам пиғылдағы іс-әрекетін жүзеге асыру үшін пайдаланып жүрген әккілердің әдіс-тәсілі күн сайын өзгеріп, жаңарып отыратынын тілге тиек етті.

– «Бүгінде құқығым тапталды» деп шағымдататын тұтынушы көп. Мұндай жағдай көбінесе онлайн-сауданың салдарынан болады. Сауда және интеграция министрлігі мен біздің департаменттің тарапынан тұрғындарға түсіндірме жұмысы жиі өткізіліп, ашық есік күндері ұйымдастырылып отырады, – деді Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Тимур Бекмұрзаев.

Оқи отырыңыз: Зейнеткерден қомақты қаржы алған: Алматы полициясы интернет-алаяқтықты ұстады

Теги: алаяқтық