Тоқаев: Жемқорлыққа қарсы мықты дәрі қолданбасақ, одан арылу мүмкін емес

12.04.2019 20:01

Сонымен қатар ол шенеуніктердің қаржыны шектен тыс көп жұмсайтынын айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлыққа қарсы мықты дәрі қолданбаса, одан арылу мүмкін емес деп санайды. Мемлекет басшысы мұндай пікірді Маңғыстау жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп Ақорданың баспасөз қызметі.

«Жемқорлық, бұл – батпандап кіретін, мысқалдап шығатын дерт. Осындай дертке қарсы мықты дәрі қолданбасақ, одан арылу мүмкін емес. Сондықтан біз тиісті іс-шараларды одан әрі жүзеге асыра береміз», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ол шенеуніктердің қаржыны шектен тыс көп жұмсайтынын айтты.

«Біздің кейбір әкімдеріміз бен министрлеріміз бюджетке «таусылмайтын қоржын» ретінде қарайды. Бізде тиімсіз шығындар көп», - дейді Тоқаев.