Байқаудың жалпы жүлде қоры – 650 000 теңге
8 қыркүйек күні «Алматы қаласының үздік аула сыпырушысы-2019» байқауының көптен күткен ақтық мәресі. Биыл жетінші рет өткен бұл байқауда қала тұрғындары ашық дауыс беру арқылы 30 финалистті анықтап, соның ішінен бесеуі жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондай-ақ байқауда Алматы қаласының әр ауданының жүлдегерлері де анықталды. Олар ынталандыру сыйлығына ие болады.
Жыл сайын бұл байқауға оңтүстік астананың 200 белсенді аула сыпырушысы қатысады. Жалпы, байқау өткізіле бастаған уақыт аралығында оған 1000-нан астам ерекше адам қатысты. Көбі – жыл сайын бірнеше мәрте өз бақтарын сынады. Байқау шарттары бойынша қатысушылар ПИК арқылы өтініш білдіріп, содан кейін ақпарат chistopoalmatinsky.kz сайтына жарияланады.
Жеңімпазды анықтау үш кезеңде өтті:
1-кезең. Өтініш қабылдау (мамыр соңы - маусымның басы).
2-кезең. Сайтта дауыс беру (тамызға дейін).
3-кезең. Қала бойынша тексеру (тамыз соңына дейін).
Сонымен, бүгін Орталық мәдениет және демалыс паркінде біз Алматының ең үздік аула сыпырушылары кім болғанын біле аламыз.
«Алматы қаласының үздік аула сыпырушысы» байқауы Алматы қаласы әкімдігінің және аудан әкімдіктерінің қолдауымен өтіп жатыр. Сондай-ақ Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы да қолдау білдірді.
«Алматы қаласының үздік аула сыпырушысы» байқауының жалпы жүлде қоры – 650 000 тенге.
1-орын – 200 000 теңге, 2-орын – 150 000 теңге, 3-орын – 100 000 теңге.
"Эфес Қазақстан" компаниясы да осы ретте әлеуметтік жауапкершіліке зор маңыз беретінін атап өту керек.