Биыл елімізде 11 мыңнан астам жол апаты болған

25.10.2019 20:02

Алматыда жыл басынан бері 3429 көлік қақтығы орын алған

Елімізде жыл басынан бері 11 мыңнан аса жол көлік оқиғасы орын алып, 1 552 адам опат болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Ал, 2015 жылы бұл көрсеткіш 18 мың 889 болыпты. Бас прокуратураның мәліметінше, бір ғана қазан айының өзінде 1000-нан аса көлік соқтығысу фактісі тіркеліп, 123 адам қаза болды.

Жол апаты саны бойынша, Алматы қаласы көш тастап тұр. Мұнда биыл 3429 оқиға орын алса, Алматы облысында 1700, ал, Жамбыл облысында 907 көлік соқтығысы болған. Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сенсек бейне бақылау камералары арқылы соңғы 5 жылда 900 мыңға жуық ереже бұзғандар анықталған.