Бурабайға демалуға барған қыз жол апатынан көз жұмды

30.07.2024 20:02

Тергеу амалдары қолға алынды

elements.envato.com

Ақмола облысында квадрацикл жол апатына ұшырап, бойжеткен көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 27 шілдеде Бурабай курортында болған.

Анықталғандай, Астанадан Бурабайға демалуға келген екі қыз жергілікті жалға беру пункттерінің бірінде «X5 Classic» маркалы квадроциклін жалға алған.

Курорт аумағындағы жолдың бұрылысында квадрациклді басқарған 19 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік аударылған.

Соның салдарынан артқы жақта отырған жолаушы қыз алған дене жарақатынан ауруханада қайтыс болды.

«Жол-көлік оқиғасы дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары қолға алынды»,- деді ведомстводан.