Еліміздің жылу қазандықтары маусымға қаншалықты дайын

19.09.2023 20:02

Үкімет отырысында жылу мауысымына дайындық барысы тыңдалды

bainews.kz

Қазақстанда кейбір жылу қазандықтарын жөндеу жұмыстары қазан айының соңында аяқталады. Үкімет отырысында алдағы жылыту мауысымына дайындық барысы туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Министр бекітілген кестеге сәйкес электр стансаларында 10 энергоблок, 49 қазандық және 54 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланғанын баяндады. Бүгінде 5 энергоблок, 23 қазандық және 20 турбинада жұмыс істелсе, бұл ретте 4 энергоблок, 17 қазандық және 13 турбинаны жөндеу аяқталды.

Сонымен қатар жалпы ұзындығы шамамен 25,3 мың шақырымды құрайтын электр желісін, 567 қосалқы стансаны, сондай-ақ 3,5 мың тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы стансаларды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

- Бүгінде 22,7 мың шақырым электр желісі, 514 қосалқы станса, 3 466 тарату пункті мен трансформаторлар бойынша жұмыстар аяқталды. Риддер ЖЭО-да мердігерлік ұйым 6 қазандықтың барлығында жөндеу жұмыстары жүргізуде. №2 және №3 қазандықтар қыркүйек айының соңында пайдалануға беріледі, - деді Энергетика министрі.

Екібастұз ЖЭО-ның сенімді жұмысын қамтамасыз ету шеңберінде алдағы жылыту маусымында 10 қазандықты жөндеу көзделген. Сонымен қатар «ОАЭК» акционерлік қоғамының есебінен қосалқы жабдықтар, ғимараттар және құрылғылар жөнделеді.

- Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2-ЖЭО-ның дайындығы бақылауда. Мұндағы №4 қазандықты жөндеуді аяқтау мерзімі қазан айының соңына дейін ұзартылады, - Жандос Нұрмағанбетов.

Оқи отырыңыз: Ұлы дала жорығы: Маңғыстау облысының шабандозы рекорд орнатты