Зейнетақы жүйесі қалай өзгереді

Портал Акцент
Портал Акцент
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бір жылда 11,4 пайыз өскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2024 жылдан бастап зейнетақы жүйесі өзгереді. Әлеуметтік кодекстің негізгі бағыттарына сәйкес базалық жинақтан бөлек, қосымша зейнетақы жарнасы енгізілетін болады. Ол қаржыны жұмыс беруші төлеуге міндеттеледі. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Сөзінше, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бір жылда 11,4 пайыз өскен. Ол үшін Ұлттық банктен 15 трлн теңгеден астам қаржы қарастырылған.

«2024 жылдан бастап әр жұмыс беруші әр азаматқа өзінің алатын табысынан 1,5 пайыз міндетті жарналарды аударатын болады. Болашақ жас зейнеткерлер базалық зейнетақы алады, яғни ол өздерінің жинақтаушы зейнетақысын және жұмыс беруші тарапынан алады. Яғни, жұмыс беруші азаматтардың өздері жүйеге қатысатын болады», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова.

Айта кетейік, қазір жаңадан әзірленген әлеуметтік кодекстің толық нұсқасы дайын. Құжат Мемлекет басшысының қарауына жіберілді. Қол қойылса, жаңашылдықтар биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Ведомствоның сөзінше, құжатты әзірлеудегі негізгі мақсат – халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту. Жаңа кодекс аясында мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың асыраушыларына берілетін жәрдемақы тұрғысынан да оң өзгерістер болмақ.

«Өздеріңізге мәлім, жыл басында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көбейтілген болатын. Ол асыраушысынан айырылған және мүгедектегі бар жандарға тікелей қатысты. Мүгедектік бойынша жәрдемақы 8 пайыз өсті. Енді тағы да 14 пайызға көбейтілмекші», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова.  


Новости партнеров