Ақынның 120 өлеңі жазылған кітап қазақ, орыс, башқұрт тілінде жарық көрді
Алматыдағы Чехов кітапханасында Саят Қамшыгердің «Саған» атты жыр жинағының тұсауы кесілді. Ақынның 120 өлеңі жазылған кітап қазақ, орыс, башқұрт тілінде жарық көрді. Поэзия саңлағы туындысының тұсаукесерін енді Ресейде өткізуді жоспарлап отыр.
«Көбіне өлеңдерімнің тақырыбы азаматтық лирика, сосын біздің табиғатымызға байланысты өлеңдеріміз бар. Мен өзім сапарда өте көп боламын. Сол сапарларға шыққандағы, жолда көрген, алған әсерлерімді көбіне өлең қылып жазамын. Махаббат лирикасы, қоғамға, мына заманымызға байланысты өлеңдер осы кітаптан көп табылады», – деді ақын, аудармашы Саят Қамшыгер.