Ертіс бойында екінші АЭС салынуы мүмкін
inform.kz
Бірінші атом электр стансасын салу үшін Алматы облысындағы Үлкен елді мекені таңдап алынған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ертіс өзенінің бойында еліміздегі екінші АЭС салынуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бірінші стансаның құрылысы басталып, сәтті іске қосылатын болса «Қазақстанда қанша АЭС болады?» деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақ та талқыланып жатыр. Қазақстандағы екінші АЭС Ертіс бойында, Курчатов қаласы ауданында пайда болуы мүмкін. Егер Қазақстан көміртегі бейтараптығы жолын таңдайтын болса, онда бірнеше АЭС салудан басқа жол жоқ. Ертіс сөзсіз келешегі бар алаң», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
09.11.2026 17:15
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00